Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қзметі хабарлады.
Кеңестің жұмысына ҰҚК, ЭҚСЖҚКА, Есеп комитеті, ішкі істер, сыртқы істер, әділет, білім және ғылым министрліктерінің, Дін істері жөніндегі агенттіктің басшылары қатысты.
Жиналыста террористік іс-әрекеттің алдын алу және жолын кесу, тұрғындардың, әсіресе, жастардың арасында діни экстремизм идеологиясының таралуына тосқауыл қою бойынша тиімді шаралар қабылдау жөніндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын арттыру мәселелері талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша терроризмге қарсы күрес қызметін үйлестіру тетіктерін жетілдіруге, жұмыстың жаңа әдістері мен тәсілдерін қабылдауға, азаматтар мен қоғамды діни экстремизмнің болуы мүмкін қауіптерінен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған келісілген шешімдер қабылданды.