Оның айтуынша, министрлік әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларды қоса алғанда, ақпараттық кеңістікке тұрақты мониторинг жүргізеді. Заңнама талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда, ведомство құқықтық ден қою шараларын қабылдайды.
Атап айтқанда, құқыққа қайшы материалдарды жою үшін онлайн-платформалардың иелеріне хабарламалар, ал бұқаралық ақпарат құралдарының иелеріне ескерту хаттар жолдайды. Егер бұл талаптар орындалмаса, материалдар мен интернет-ресурстарға қолжетімділік сот тәртібімен немесе заңда белгіленген тәртіппен шектелуі мүмкін.
Осыған байланысты тікелей эфирлер авторларын сәйкестендіру және олар туралы қажетті мәліметтерді алу тиісті құқық қорғау органдарының сұрау салуы негізінде заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Осылайша, мнистрлік алдағы уақытта да онлайн-платформалардың әкімшіліктерімен бірлесіп құқыққа қайшы материалдарды жою және Қазақстан Республикасының заңнамасына қарсы келетін, сондай-ақ адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын ақпараттың таралуына жол бермеу бойынша жұмысты жалғастырады.
Айта кетейік, биыл 10 айда интернет кеңістігінде балағат сөздер мен балаларға зиянды ақпараттардың 592 фактісі анықталды.