АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Заңгерлер одағының заң шығармашылық қызметіне қатысуы маңызды. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан Заңгерлердің І республикалық съезінде ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель айтты.
«Заңгерлер одағының заң шығармашылық қызметіне қатысуы маңызды болып табылады. Өйткені, дәл осы заңгерлер тәжірибеде заңды жиі қолданады. Сәйкесінше, құқық қорғау тәжірибесіндегі барлық кем-кетікті біледі», - деді ол.
И. Меркельдің пайымынша, бұл ретте құқық қолдану тәжірибесіне тұрақты мониторинг жүргізу өте маңызды болып табылады. Бұл заңгерлік қоғамдастықтың қолынан толығымен келеді.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.