Заңнама талаптарын сақтамаған мұнай өнімдерін өткізетін кәсіпорындар анықталды
Бұл туралы бүгін Астанада 9 айдағы мемлекеттік қадағалау қорытындысына арналған брифингте ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Рыскелді Сәтбаев айтты.
Оның сөзіне қарағанда, жалпы еліміз бойынша мұнай өнімдерін өткізетін кәсіпорындарға 153 тексеру жүргізілген. Оның ішінде 78-інде заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталды.
Белгілі болғандай, мұнай өнімдерін өткізу барысында сәйкестік сертификатынсыз, таңбалауға қойылатын талаптарды сақтамай өткізу, сондай-ақ салыстырып тексерілмеген өлшем құралдарын пайдалану жағдайлары мен жанар-жағармайдың сапа көрсеткіштері бойынша көптеген сәйкессіздік фактілері орын алған. Осы орайда еліміздің бірқатар жағармай құю бекеттерінде аталған заң бұзушылықтар анықталды.