Бұл туралы Мәжіліс мінберінен Цифрлық кодекс жобасын таныстырған депутат Екатерина Смышляева айтты.
— Елімізде алғаш рет иеліктен шығаруға жатпайтын және елдің цифрлық егемендігінің негізін құрайтын ұлттық цифрлық объектілер ұғымы бекітілмекші, — деді ол.
Кодекс жобасы кез келген мемлекеттік немесе ірі цифрлық жүйенің жұмыс сапасын үш түрлі тексеру арқылы қадағалап отыруды көздейді. Олар:
— Функционалдық аудит. Бұл тексеру цифрлық жүйенің о баста құрылған мақсатына қаншалықты сай жұмыс істеп тұрғанын тексереді.
— Киберқауіпсіздік аудиті — жүйенің хакерлер шабуылына төзімділігін, деректердің қорғалуын тексереді.
— Реттеуші аудит — жүйедегі процестердің Цифрлық кодекс талаптарына сәйкестігін қарайды.
Айта кету керек, осы кодексті қабылдау арқылы цифрлық деректерді заң жүзінде мүлік ретінде мойындау ұсынылып отыр.