Заңның жұмыс істеуі ең алдымен азаматтардың өздеріне байланысты - Бағлан Майлыбаев
«Мемлекет басшысы «Ұлт Жоспарында» атап өткеніндей - «заңның үстемдігі ел дамуының кепілі». Бұл бағытта мемлекет бәрін жасап жатыр. Сол тұрғыдан алғанда, бүгінгі Бас прокуратураның үндеуі өте орынды. Мемлекеттік органдармен бірге үкіметтік емес ұйымдар және сарапшылар заңдарды насихаттауға атсалысуы керек. Заңның жұмыс істеуі, ең алдымен, азаматтардың өздеріне байланысты», - деп атап өтті Б. Майлыбаев.
Бұдан бөлек, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары елімізде барлық қажетті ақпарат ашық екенін айта келе, мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің сайттары, Call-орталықтар жұмыс істеп тұрғанын жеткізді.
«Сондықтан да заңдылықты сақтау тек құқық қорғау органдарына ғана емес, сонымен қатар ел тұрғындарының өздеріне де қатысты», - деді Б. Майлыбаев.