КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысында 2021-2023 жылдар аралығында бағалы металдарды заңсыз өндірген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке 12 адам ілінген.
Олар — Қазақстан, Украина және Ресей азаматтары, күдіктілерге қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды.
«Жалпы шығын мөлшері 250 миллион теңгеден асты.
Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыстық топ «жер қойнауын геологиялық зерттеуге» лицензиясын алып, заңсыз алтын өндірумен айналысқан», — деп жазды Бас көлік прокуратурасы.
Бақылаушы орган істі сотқа жолдады.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.