Атап айтқанда, 2009–2011 жылдары жеке тұлғаға жеке орман өсіру мақсатында жалпы көлемі 100 гектар болатын екі жер учаскесі (12 және 88 га) берілген.
Алайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы аталған жер учаскелері заңнамада белгіленген тәртіп бұзылып, міндетті сауда-саттық (аукциондар) өткізілмей, жеке меншікке берілген.
Сонымен қатар жер учаскелері мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған, олардың аумағында орман екпелері болмаған.
Прокуратураның талап қоюы бойынша сот екі жер учаскесін беру негіздерін заңсыз деп танып, оларды мемлекет меншігіне қайтару туралы талаптарды қанағаттандырды.