Заңсыз ағаш кескен алматылық кәсіпкерлерге айыппұл салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Заңсыз ағаш кескен алматылық кәсіпкерлерге айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық табиғи ресурстар басқармасы хабарлады.

«Әди Шәріпов көшесі, 84 мекенжайындағы ағаштарды құлату заңсыз іске асқан. Қазір Алмалы ауданының табиғатты қорғау полициясы жасыл көшеттерді ұстау және қорғау ережесін бұзғаны үшін ҚРӘҚБК 386 бабы бойынша «АРАЙ» жеке кәсіпкерлігіне 30 АЕК көлемінде айыппұл салды», - деп хабарлады қалалық табиғи ресурстар басқармасы.

Сонымен бірге, өтем ретінде ереже бұзушылар құлаған ағаш санынан он есе көп мөлшерде көшет (20 ағаш) отырғызып, оларға екі жыл күтім көрсететін болады. 

фото: Олег Погожих