ОРАЛ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жеке кәсіпкер А.Солодковтың үстінен ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлімі бойынша (заңсыз кәсіпкерлік) қозғалған қылмыстық істі аяғына дейін жеткізді.
Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталмыш кәсіпкер арнайы рұқсаты болмаса да, алкогольды өнімді сақтап, сатумен айналысқан. Оның меншігіндегі қоймадан тексеру кезінде 2,9 млн. теңгенің 12049 шыны арақ-шарап өнімі табылды.
Осы істі қараған Орал қалалық соты А.Солодковты айыпты деп тауып, 300 АЕК көлемінде айыппұл салды. Табылған арақ-шарап мемлекет пайдасына өткізілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).