Заңсыз айналымдағы 30 мың шөлмек ішімдік сақталған қойма әшкереленді - Астана

АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - Астананың қаржы полицейлері ірі көлемде контрафактілік ішімдік сақталған қойманы әшкере етті.

Полицейлер танымал брендтердің зат белгілерімен 30 мың шөлмек ішімдікті тапқан,деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Айта кетейік, сауда маркасын иеленушілерге келтірілген қаржы шығыны қазіргі уақытта анықталуда. Сот сараптама жұмыстары басталды.