Заңсыз балық аулаған шетелдік балықшылар құрықталды - ҚР ҰҚК

АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жағалау қорғау аймақтық бақармасының «Өскемен» шекара кемесінің экипажы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде екі шетелдік балықшы көлігі құралын ұстады,

деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметі.

Ұсталған кемелердің жүк салғыштарын тексеру кезінде майшабақ салынған жәшіктер табылды. Олардан сонымен қатар Әзербайжан Республикасының Балық шаруашылығы министрлігі берген 2011 жылдың 22 қаңтары мен 1 мамыры аралығында 80 тонна майшабақ аулауға берген мерзімі өткен квотасы табылды.

Ұсталған «Дельфин» және «Леди» балықшылар кемелері Қазақстан Республикасының аймақтық суларында шетелдік кемелердің болу ережесін бұзғаны және заңсыз балық аулаумен айналысқандары үшін процессуалдық шешім қабылдауға Баутино айлағына жеткізілді.