Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Қымбат Жүсіпованың айтуынша, Қарабалықта тұратын әлгі әйел атышулы Фархат-атаның әдістерін қолданып, бір жыл бойы заңсыз емшілікпен айналысып келген. Әр сеанс үшін әлгі әйел 200 теңге алып отырған.
Қарабалық аудандық сотының үкімімен әйел Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 322-ші бабы 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Дегенмен, Кодекстің 68-ші бабының негізінде, сот әйелді әкімшілік жауапкершіліктен босатып, тек ауызша ескерту жасаумен шектелді.