Заңсыз есірткі сақтаған Өзбекстан азаматы құрықталды - Алматы ІІД

АЛМАТЫ. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат - Жақында Алматыда есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін Өзбекстан азаматы қолға түсті,

деп хабарлайды қаланың ІІД баспасөз қызметі.

Жетісу ауданы инспекторының көзіне түскен жас жігіт полиция қызметкерін көргенде аялдама жанында адамдардың көптігін пайдаланып жасырынып қалмақ болған.

«Бірақ күдікті қолға түсті. Одан 1,53 грамм героин табылды. Ұсталған азаматтың өзі нашақор болғандықтан, есірткіні өзі пайдалану үшін сақтауы мүмкін. Алайда біз героин сату үшін сақталуы да мүмкін дегенді жоққа шығармаймыз», - деді Жетісу ауданы ІІБ бастығы, полковник Қанат Таймерденов.