деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Таңғы сағат 4 шамасында қаладан Қапшағай бағытында шығатын жолда орналасқан «Іле» тексеру бекетінде «Мерседес» автокөлігі тоқтатылған. Жіті тексеру барысында көлік ішінен «СZ-17704 М» карабині 28 оғымен табылған.
«Заңсыз қару сақтаған азамат карабиннің ағасына тиеселі екендігін айтып отыр. Қазір тексеру жүргізілуде. Алматыдағы фирмалардың бірінің менеджері болып істейтін жас жігіт бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Алматы облысы, Талғар ауданының тұрғыны. Оның айтуынша, қаруды заңсыз алып жүру заң бұзушылық екендігін білмеген», дейді қалалық ІІД-нің Жол полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Арман Сарбасов. Қару баллистикалық сараптамаға жіберілген. Тексеру оның қылмыстық істерге қатысы бар-жоғын анықтайды.
Қазір аталған іске байланысты Түркісіб аудандық ІІБ қылмыстық іс қозғап, тексеру жүргізуде.