Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін елорда тұрғынына 1 млн. теңгедей айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғынына заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін 1 миллиондай айыппұл салынды.

Бұл туралы Астана қаласы Сарыарқа ауданы №2 аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңына сәйкес, Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауын және Ақмола облысының Щучье ауданын қоспағанда, казино мен ойын автоматтары залдарын Қазақстан Республикасының аумағында орналастыруға тыйым салынады.

Сот отырысында сотталушы өзінің кінәсін толық мойындады және жасаған қылмысы үшін өкініш білдірді.

Астана қаласы Сарыарқа ауданы №2 аудандық сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылды және оған оған жеке тиесілі мүлікті тәркілей отырып, 991 000 теңге сомасында 500 айлық есептік көрсеткіш түрінде жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.