Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай айтты.
«Қылмыскерлер жауапкершіліктен кету мақсатында ұтысты түрлі төлем карталарымен береді, алайда олар кейін ақшаға ауыстырылады»,- деді М. Жұманбай.
«Атырау облысында «Тим-Тим» ойын клубында заңсыз қызмет ететін ойын автоматтар залы анықталды. Тергеу анықтағандай, зал қожайынының заңсыз табысы 42,7 млн.теңгені құраған. Залдан 43 ойын автоматы және 1000 бірліктік 83 дана телефон төлем картасы тәркіленді. Қылмыстық іс тергелуде»,- деді ресми өкіл.