ҚР Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Р.Ахметовтің атап өтуінше, аталған заң жобасы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі еуразиялық топтың 14-ші жалпы отырысында қабылданған Қазақстан Республикасының өзара бағалау есебінің ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға және ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы қабылдаған жаңартылған ұсынымдарға сәйкес келтіру бөлігіндегі ескертпелерін іске асыру мақсатында әзірленген.
«Заң жобасы отыз үш заңнамалық актіге, оның ішінде алты Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Заң жобасымен көзделген заңнамалық актілерге өзгерістер енгізіледі, онда «заңсыз жолмен алынған кірістер» деген ұғым «қылмыстық жолмен алынған кірістер» деген анықтамаға ауыстырылады», - деді Р.Ахметов.
Оның сөзіне қарағанда, Заң жобасы тұтастай алғанда ҚР Конституциясына сәйкес келеді, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына және басқа да заңнамалық актілерге қайшы келмейді.