«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР заңына сәйкес запастан шақырылған офицерлерге атқарып жатқан лауазымдарына сәйкес жалақы төленеді. Сондықтан бұрынғы жұмыс орны мен жалақысы сақталмайды», - деп жауап берді Кадрлар департаментінің аға офицері.
Сондай-ақ ол запастағы офицерлерді шақыру тәжірибесі совет заманынан келе жатқан тәсіл екенін еске салды.
«Қарулы күштер қатарына запастан шақыру заңнамамызда бар. Ол бұрынғы Кеңес үкіметінен келе жатқан тәжірибе. Шет мемлекеттерде ондай тәжірибе бар. Бізде де сақталған. Мұның негізгі пайдасы өз еркімен қалған офицерлер біздің Қарулы күштерді жасақтауға бір жағынан көмектеседі, бір жағынан оқып, біліп, Қарулы күштердің әрі қарай дамуына өз үлестерін қосады», - дейді министрлік өкілі.
Берік Айнабеков запастан шақырылған офицерлер екі жыл мерзім біткен соң Қарулы күштер қатарында қызметін жалғастыра алатынын атап өтті.
«Оған Қарулы күштер қарсы болмайды. Оның бірі өзіммін. Әскер қатарында жүргеніме он сегіз жыл болды. 2004 жылы үш жылға шақыртылғанмын. Ол кезде заң бойынша қызмет мерзімі үш жыл болған. 18 жылдың ішінде төрт-бес гарнизон өтіп, қазір Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің орталық аппаратында қызмет өткеріп отырмын», - деді ол.
Еске салайық, Б.Айнабеков сондай-ақ запастан шақырылған офицерлерге қандай әлеуметтік қолдаулар көрсетілетінін айтқан болатын.