Зардап шеккендер бар: Түркияда 5,8 магнитудалық жер сілкінісі болды

Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM – Жер сілкінісінің ошағы Эгей теңізінде орналасқан, деп хабарлайды Trend.az.

Түркия Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар агенттігінің (AFAD) таратқан дерегінше, жер сілкінісінің ошағы Мугла провинциясының Мармарис ауданынан 10,43 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 67,91 шақырым. 

Мугла губернаторы Идрис Акбыйыктың хабарлауынша, зілзаладан кейін биіктен үреймен секірген 34 адам жарақат алған. Ол сондай-ақ оқиға салдарынан Мармаристегі екі ғимаратта жарық пайда болғанын атап өтті. 

Бұған дейін Түркияның шығыс бөлігінде 4,9 магнитудалық жер сілкінісі болғанын жазған болатынбыз.