Зардап шеккендердің барлық шығынын мемлекет жабады – Роман Скляр су тасқыны туралы

АСТАНА. KAZINFORM - Су басқан аймақты инспекциялау барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Красная поляна аулының тұрғындарымен кездесті, онда 8 үй су астында қалды.

Фото: Үкімет

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында бірінші вице-премьер зардап шеккендерге келтірілген барлық залал өтелетінін, материалдық шығынды мемлекет жабатынын мәлімдеді.