Заречный ауылында орын алған өртті сөндіру барысында екі адамның мәйіті табылды

АСТАНА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат -  Елорданың Есіл ауданындағы Заречный ауылында  жеке тұрғын үйдің ауласындағы 2 қабатты шаруашылық нысанында өрт болды. 50 шаршы метр аумақты қамтыған тілсіз жауды сөндіру барысында 2 адамның мәйіті табылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  Министрліктің хабарлауынша, екі азаматтың да кім екендігі анықталмаған. Тілсіз жау  ТЖМ-ның Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің күшімен ауыздықталған. Оған жеке құрамның 14 маманы мен 2 техникасы тартылды.