Қазіргі уақытта арнайы комиссияның жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
«Қызметтік тергеу нәтижесі бойынша тәртіптік негізде аталған мекеме мен Алматы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 14 лауазымды тұлғасы жазаланды» - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Сонымен қатар, оғаш әрекеттері үшін ішкі істер органдарынан 7 қызметкер, оның ішінде 2 мекеме бастығының орынбасары жұмыстан шығарылды. Тәртіптік сипаттағы шаралармен қатар Алматы облысының арнайы прокурорлар басқармасы ҚР ҚК 146-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық істерді тергеу аясында 7 қызметкерге қатысты тергеу изоляторына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Мұнан бөлек, мекеме бастығы және Алматы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылды.
Министр биылғы жылдың 24-25 сәуірінде Алматы облыстық ҚАЖ департаментінің ЛА155/14 мекемесінде тінту іс-шаралары фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізу барысы туралы атап өтті. Тексеру барысында 30 ұялы телефон, 16 зарядтау құрылғысы, 3 құлаққап, 54 шаншу-кесетін заттар (бір рет қолданылатын станоктың жүзі – 34, тырнаққа арналған қысқыштар – 5, қайралған металл заттар – 6, қайшы - 9), 50 азаматтық үлгідегі заттар, қолдан жасалған 2 қайнатқыш табылған. Осы факті бойынша қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.
«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіннің Алматы облысы бойынша департаменті сотталғандардың азаптау туралы өтініштері негізінде тергеу жүргізу үстінде.
Тексеру барысында барлық оқиғалар қатысушылардың және оларға жол берген адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады, - деп атап өтеді министрлік.