Зарина Диас рейтингте 54-тен 53-ші орынға жоғарылады. Есте болса, ол бұған дейін 7 шілде күні WTA рейтингінде 53-ші орыннан көрінген еді. Қазақстанның бірінші ракеткасы Ярослава Шведова да 1 саты жоғарылып, 52-ші орынға тұрақтады. Ал Галина Воскобоева 104-тен 118-ші орынға төмен сырғыса, Сесиль Каратанчева 173-тен 150-шы орынға, Юлия Путинцева 171-ден 169-шы орынға көтерілді.
Рейтингтің үздік ондығында еш өзгеріс жоқ, көш басында - американдық Серена Уильямс.
WTA рейтингі. ТОП-10. 28 шілдедегі нұсқа: 1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 9231 ұпай, 2 (2). Ли На (Қытай) - 6960, 3 (3). Симона Халеп (Румыния) - 6785, 4 (4). Петра Квитова (Чехия) - 6070, 5 (5). Агнешка Радванска (Польша) 5130, 6 (6). Мария Шарапова (Ресей) 4881, 7 (7). Эжени Бушар (Канада) 4460, 8 (8). Ангелика Кербер (Германия) 4365, 9 (9). Елена Янкович (Сербия) 3900, 10 (10). Виктория Азаренко (Беларусь) - 3812.