Ол екінші айналымда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, қазір WTA рейтингінде жетінші орында тұрған сербиялық Елена Янковичті жеңді. 59 минутқа созылған ойын 6:1, 6:2 есеппен, қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды.
Ширек финалда Зарина Диас WTA рейтингінде 24-ші болып тұрған ресейлік Мария Кириленкомен кездеседі.