АСТАНА. KAZINFORM — Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 12-орнында қалса, Юлия Путинцева 43-тен 46-ға сырғыды.
Тағы бір қазақстандық Зарина Дияс 269-дан бірден 251-орынға ( 18) көтерілді.
Жібек Құламбаева 292-ден 294-ке төмендеді.
ТОП-3-те бұрынғыша белоруссиялық Арина Соболенко, америкалық Кори Гауфф және Польша өкілі Ига Швентек келеді.
Жұптық сында Анна Данилина 10-орнын сақтаса, Ю.Путинцева 57-ден 59-ға түсті. Ж.Құламбаева 128-ден 126-ға шықты.
Вашингтон турнирінде жұптық сында да жартылай финалға дейін жеткен Е.Рыбакина соның нәтижесінде 569-дан бірден 273-сатыға ( 296) шарықтады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Монрель турнирінде Рыбакина мен Путинцеваның бақ сынайтынын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).