НҰР-СҰЛТАН - Қазақстандық Зарина Дияс Бейжіңде негізгі турнирге өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингте 78-орында тұрған З.Дияс іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 66-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен шеберлік байқасты.
Ресейлік спортшы 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке 1 сағат 34 минутқа созылды.
Жүлде қоры 8,3 млн-ға жуық АҚШ долларына бағаланған Бейжің WTA турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева бақ сынайды. Оның қарсыласы іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Чэнду турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).