Іріктеу сындарында үш бірдей қарсыласын ұтып, аталмыш біріншіліктің негізгі кезеңіне өз өмірінде бірінші рет өткен жиырма жастағы теннисші алғашқы айналымда чехиялық Катерина Синяковамен шеберлік байқасады. З.Дияс әлемдік рейтингте 163-орында тұрса, 18 жасар К.Синякова 172-сатыда жайғасқан. Ол да Зарина сияқты іріктеу сынының жеңімпазы атанған. Егер қандасымыз бірінші кездесуін сәтті аяқтаса, екінші айналымда румыниялық Сорана Кирстя немесе жаңазеландиялық Марина Эраковичпен кортқа шығады. Жүлде қоры 14,3 млн. АҚШ долларынан асатын, әлемдегі төрт «үлкен дулығаның» бірі болып саналатын Австралияның ашық чемпионатында Қазақстан намысын сондай-ақ қыздардан Ярослава Шведова, Галина Воскобоева, Юлия Путинцева қорғайды.
09:40, 12 Қаңтар 2014
Зарина Дияс чехиялық теннисшімен кездеседі
ОРАЛ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - 13 қаңтар күні Мельбурн қаласында басталатын теннистен Австралияның ашық чемпионатында қазақ қызы Зарина Дияс алғаш рет додаға түскелі отыр.