Зарина Дияс Чикагодағы турнирдің ширек финалына өте алмады
10:34, 07 Қыркүйек 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Чикагода өтіп жатқан (АҚШ) «Челленджер» турниріндегі ойынын аяқтады, деп хабарлайды Sports.kz.
WTA рейтингінің 60-шы орнында тұрған Дияс жарыстың 1/8 финалында күтпеген жерден германиялық Моне Бартельден (2:6, 6:3, 3:6) жеңіліп қалды.
Енді неміс теннисшісі жартылай финалда Украина өкілі, әлемнің 98-ші ракеткасы Даяна Ястремскаямен кездеседі.
Еске салайық, турнирдің алғашқы кезеңінде Зарина Дияс украиналық Катерина Козлованы (87) 3:6, 6:2, 6:1 есебімен жеңген еді.