Зарина Дияс Цинциннати турнирінің екінші айналымына шықты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс Цинциннати (АҚШ) WTA турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 80-орында тұрған З.Дияс бастапқыкездесуін «Үлкен дулыға» турнирлерінің 23 мәрте жеңімпазы, атақтыамерикалық Серена Уильямспен өткізуі тиіс болатын.

Алайда С.Уильямс жеме-жемге келгенде, жарақатына байланыстыжарысқа қатысудан бас тартты.

Ұйымдастырушыларға аяқ астынан америкалық, әлемнің56-ракеткасы Джессика Пугеланы шақыруына тура келді.

Орталық кортта өткен матчтың бірінші партиясын қарқынды бастаған Зарина 5:0 есебімен алға шықты.

Осыдан кейін сетті қиналмай бітіруге болатын еді. Әйтсе деЗарина бірнеше сетболды пайдалана алмады. Америкалық теннисші таразы басынтеңестіріп үлгерді. Дегенмен З.Дияс қайратына қайта мініп, қатарынан қос геймдіала білді - 7:5.

Екінші партияда да Зарина есесін жібермеді - 6:4.

Бәсеке екі сағатқа жуық уақытқа созылды.

Бұл - теннисшілердің өзара үшінші кездесуі. БиылИндиан-Уэллс додасында америкалық спортшы 6:1, 6:1 есебімен жеңген болатын.Бірнеше күн бұрын осы Цинциннатиде іріктеу сайыстарының финалында үш сағатқажуық уақытқа созылып, аса тартысты өткен кездесуде Зарина қарсыласын тізе бүктіріп, негізгі турнирге жолдамаалған еді.

З.Дияс Цинциннати турнирінің екінші айналымында әлемнің22-ракеткасы, АҚШ-тың жас жұлдыздарының бірі, 1998 жылы Мәскеуде дүниеге келгенСофия Кенинмен шеберлік байқасады.