АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Дубай турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемнің 96-ракеткасы З.Дияс жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 271-орында тұрған германиялық Сабина Лисицкимен күш сынасты.
Зарина қарсыласын 6:1, 6:2 есебімен оңай жеңді. Бәсеке бір сағатқа жуық уақытқа созылды.
З.Дияс іріктеу сайысының финалында әлемнің 106-ракеткасы, румыниялық Моника Никулескумен кездеседі. Оны жеңсе, негізгі турнирге жолдама алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасының кімдермен кездесетіні анықталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).