Зарина Дияс Испаниядағы турнирдің финалында өнер көрсетеді

Фото: Sports.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық, әлемнің 275-ракеткасы Зарина Дияс Таусте (Испания) ITF W35 турнирінің финалына жолдама алды.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда рейтингіде 357-орында тұрған жапониялық Хироми Абені айқын басымдылықпен ұтты.

Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде 6:1, 6:2 есебі тіркелді.

Зарина Дияс соңғы бәсекеде рейтингіде 446-сатыдағы италиялық Дилетта Керубинимен чемпиондық атақты сарапқа салады. Ол жартылай финалда әлемнің 369-ракеткасы, аустралиялық Мелиса Эрджанды ұтты - 6:2, 4:6, 6:4.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Берлин турнирінде Рыбакинаның әлемнің 1-ракеткасына есе жібергенін жазған болатынбыз.