Зарина Дияс Испаниядағы жарысты жеңіспен бастады
16:51, 17 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 275-ракеткасы Зарина Дияс Таусте (Испания) ITF W35 турнирінің екінші айналымына шықты.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық спортшы алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 934-орында тұрған испаниялық, 21 жастағы Ракель Гонсалеспен кездесті.
Бірінші партияда Зарина 6:4 есебімен басым түсті.
Екіншісінде жергілікті теннисші есе қайырды — 6:3.
Үшінші, шешуші сетте З.Дияс жеңісті жұлып алды — 7:5.
Тартысты матч 2 сағат 18 минутқа созылды.
Зарина Диястың келесі қарсыласы кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Польшадағы жарыстың екінші айналымына өткенін жазған болатынбыз.