Зарина Дияс Испаниядағы жарыстың екінші айналымына шықты
18:50, 17 Шілде 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші, әлемнің 702-ракеткасы Зарина Дияс Витория-Гастейс ( Испания) ITF W100 турнирін жеңіспен бастады.
Жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа оралған қазақ теннисшісі осыған дейін Уимблдонда өнер көрсетіп, іріктеу сайыстарының финалында жеңіліп қалған еді.
Бұл жолы Зарина алғашқы айналымда испаниялық Гаэтана Гайдың меселін қайырды - 6:4, 6:2.
Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін әлемнің 131, осы жарыстың 2-ракеткасы, франциялық Джессика Поншемен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Будапешт додасының жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.