АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Зарина Дияс кортқа қайта оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, 29 жастағы З.Дияс соңғы жыл жарымда екі матч қана өткізді.
Australian Open-2022 додасында алғашқы айналымда отандасы Елена Рыбакина есе жіберді. Ал өткен жылы Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысында ұтылып қалды.
Ұзаққа созылған жарақатына байланысты әлемнің бұрынғы 31-ракеткасы кортқа орала алмай жүрген болатын.
«Достар, бәріңізге сәлем! Мен әлі қалпыма келіп жатырмын. Көгалдағы маусымда ораламын ба деп едім, өкінішке қарай, қалпыма келуге көп уақыт кетті. Бәріңізге мәлім, мен иығымнан жарақат алғанмын. Бәрі ойдағыдай жүріп жатыр, хард төсенішінде АҚШ-та өтетін жарыстарға (шілденің аяғы) қосыламын ба деп отырмын», деп жазды Зарина Instagram парақшасында.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық үш жас теннисшінің Тегерандағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған едік.
Тегерандағы турнирдің жартылай финалында қазақстандық қос теннисші кездеседі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).