Турнирдiң жалпы сыйақы қоры 50 мың АҚШ долларын құрайды. Зарина Дияс Халықаралық әйелдер күнiнде өзiне үлкен сыйлық жасады.
Жартылай финалда Зарина Дияс өзінің бұрынғы жерлесі, қазір Ресейдің туы астында өнер көрсетіп жүрген Ксения Первакті жеңген болатын. Ойындағы есеп 20 жасар қазақстандық теннисшінің пайдасына 6:1, 3:1 болып тіркелген кезде, Первак әрі қарай ойнаудан бас тартты. Сонымен қатар, бұның алдында Зарина Дияс үш қытайлық спортшы - Яфань Ванді (6:3, 6:3), Шилинь Сю (6:1, 6:2) мен Ван Цянді (6:4, 1:6, 6:1) жарыс жолынан шығарып тастаған болатын.