Австралия өкілі Саманта Стосурмен кездесуде бірінші сеттің төртіші геймінде қазақстандық спортшы сол аяғының тізесінен жарақаттанып, матчты аяқтай алмады. Стосур сол кезд 2:1 есебімен алда келе жатқан болатын, оның үстіне екі қос брейк-пойнты да бар еді.
Жарақат салдарынан Дияс корттан өзі шығып кете алмады.
Стосур осыдан жеті жыл бұрын US Open-2011 жеңімпазы атанған болатын.