Зарина Дияс Осака турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады
13:53, 14 Қыркүйек 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапониядағы Осака WTA турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемнің 80-ракеткасы З.Дияс дүниежүзілік рейтингте 304-орында тұрған жапониялық Михару Иманисимен кездесті.
Қазақстандық теннисші көп қиналмай, 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке 1 сағат 7 минутқа созылды.
З.Дияс іріктеу сайыстарының финалында тағы бір жапониялық, рейтингте 327-сатыдағы Киока Окамурамен шеберлік байқасады. Оны жеңсе, негізгі турнирге жолдама алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның әлемнің 3-ракеткасы Элина Свитолинадан ұтылып қалғанын, ал Елена Рыбакинаның Наньчан турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.