Зарина Дияс Португалиядағы турнирдің ширек финалына жолдама алды
17:46, 24 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 269-ракеткасы Зарина Дияс Фигера-да-Фош (Португалия) ITF W100 турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық спортшы екінші айналымда әлемнің 228-інші, жарыстың 6-ракеткасы, франциялық Тесса Адрианяфитримомен шеберлік байқасты.
Зарина 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Тартысты матч 1 сағат 50 минутқа созылды.
Зарина Дияс жартылай финалға шығу үшін әлемнің 206-ракеткасы, бразилиялық Лаура Пигосси немесе рейтингіде 239-сатыдағы португалиялық Франсишка Жорженің таласады.
Қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 261-орынға көтеріліп тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Вашингтон турнирінің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.