Қытайлық Сюй Ифаньмен жұп болып ойнаған Дияс Надежда Киченок (Украина) - Йоана Ралука Олару (Румыния) жұбын 5:7, 7:6(7:5) және 6:4 есебімен жеңді.
Келесі айналымда Ифань мен Дияс австралиялық апалы-сіңлілі Анастасия және Арина Родионовалармен кездеседі.
Еске сала кетейік, осыған дейін Дияс "Ролан Гарростағы" жекелей сында екінші айналымға жолдама алған болатын. Ертең, 28 мамырда ол Бельгия өкілі Алисон ван Уйтванкпен бәсекеге түседі.