Бәсекеде қазақстандықтардың атынан бірінші болып Зарина Дияс шығып, Филипп Шатерье атындағы орталық кортта румыниялық Симона Халеппен кездеседі. Әзірге қарсыластардың арасындағы есеп -0:2, шығысеуропалық теннис мектебінің өкілі басым болып отыр. Ойынның басталуы Астана уақытымен сағат 15:00-ге жоспарланған.
Жұптық разрядта тағы екі отандық теннисші шығады. Юлия Путинцева латыш спортшысы Елена Остапенкомен жұптасып апалы-сіңлілі Уильямстарға қарсы ойнайды.
Сегізінші кортта Ярослава Шведова мен венгриялық теннисші Тимеа Бабош енді Австралия үшін шығып отырған Арина мен Анастасия Родионовалармен бақ таластырады.