Зарина Дияс Штутгардтағы халықаралық теннис турниріне қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Германияның Штутгард қаласында басталатын Porsche Grand Prix халықаралық теннис турниріне қатысады.

Әлемдік рейтингте 32-ші орында тұрған Дияс бұл жарыстың алғашқы айналымында германиялық Сабина Лисицкимен (19) кездеседі. Ол бұл қарсыласын жеңсе, онда поляк Агнешка Радванска (7) мен итальяндық Сара Эррани (15) арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды. Зарина Дияс бұл жарысқа алғаш рет қатысып жатыр. 2014 жылы Штутгардтағы турнирді ресейлік Мария Шарапова ұтып алған. Ол финалда сербиялық Ана Ивановичті жеңген еді, деп жазады alaman.kz. Айта кетейік, Porsche Grand Prix турнирі 20-24 сәуір аралығында Германияның Штутгарт қаласында өтеді. Оның жалпы жүлде қоры $710,000 құрайды. Сонымен қатар жеңімпазға Porsche көлігі сыйға тартылады.