Чехиялық Каролина Плишкова әлемнің бірінші ракеткасы атанды, екінші орында - румын Симона Халеп, үшінші орынды неміс Анжелик Кербер иеленді.
Қазақстандық Юлия Путинцева төрт орынды жоғалтып, 47- орынға орналасты. Ярослава Шведова 33 орынға төмендеп, 83-ші болды. Ал, Зарина Дияс 16 орынға жылжып 114-орынға көтерілді.
Айта кетейік, Путинцева «Уимблдонның» бірінші айналымында латвиялық Анастасия Севастовадан жеңіліп, ойыннан шыққан болатын, ал Дияс үшінші кезеңге дейін жетіп, бұл айналымда Хорватиядан келген Петра Мартичке жол берді. Шведова жарақат алғандықтан, турнирге қатыса алмады.