Екі спортшы да жеке разрядта ойынды жалғастырады.
Анабель Медина-Гарригеспен жұп болған Шведова австриялық Патриция Майр-Ахлайтнермен жұптасқан отандасы Зарина Диясты ұтты. Екі сетте де Шведова мен Гарригес 6:0, 6:0 есебімен қарсыластарынан басым түсті.
Еске сала кетейік, WTA халықаралық рейтингінде Шведова 65-ші орында, Қазақстанның екінші ракеткасы З.Дияс 72-ші орында. Екі спортшы да "Уимблдон" турнирінде жеке разрядта ойынды жалғастырады.
Айта кетейік, бұған дейінгі екінші айналымда Шведова эстондық Кайя Канепиді ұтты. Ал Зарина әлемнің 15-ракеткасы испандық Карла Суарес Новарроны жарыстан шығарды.