1/8 финалдық бәсекеде Зарина Дияс жапондық теннисші Куруми Нарамен кездесіп, қарсыласының пайдасына шешілген есептен (6:3, 2:6, 0:4) кейін ойынды жалғастырудан бас тартты. Атап кететіні, 20 жастағы Зарина Дияс WTA рейтингінде 53-орында. Ал 22 жастағы жапондық теннисші әлемнің 4-ші ракеткасы.
Еске сала кетейік, турнирдің басында Зарина Дияс 16 жастағы корт иесі Алисия Блэк Торнадты 6:4, 6:0 есебімен ұтты. Осы жеңістің арқасында Зарина Дияс Ярослава Шведовадан WTA рейтингінде асып түсіп, Қазақстанның бірінші ракеткасы атанған болатын.