Зарина Дияс WTA рейтингінде 33-ші орынды сақтап қалды
21:29, 27 Шілде 2015
АСТАНА.ҚазАқпарат - Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) ғаламшардың үздік теннисшілері рейтингін жаңартты.
Әлемдік біліктілікте көшбасшы Серена Уильямс, одан кейінгі орында ресейлік Мария Шарапова мен румындық Симона Халеп.
Қазақстандық теннисшілер рейтингі соңғы жеті күнде еш өзгерген жоқ. Зарина Дияс пен Ярослава Шведова 33-ші, 107-ші орындарын сақтап қалса, Юлия Путинцева бір сатыға, 71-ші орынға сырғыды, деп хабарлайды sports.kz.