Зарина Дияс WTA рейтингінде 52 саты жоғарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - WTA теннисшілердің апталық рейтингі жаңарды, деп хабаралайды Sports.kz.

Жекелей сында әлемнің бірінші ракеткасы атағын америкалық Серена Уильямс иеленіп, германиялық Анжелик Керберді екінші орынға жылжытты.  Үздік үштікті чехиялық Каролина Плишкова түйіндеп тұр.

ТОП-100 тізіміндегі Қазақстан өкілдерінің позициялары өзгеріссіз қалды: Юлия Путинцева - 31, Ярослава Шведова - 51-орында тұр.

Үздік жүздікке жақындап қалған қазақстандық Зарина Дияс 239-дан 187-орынға көтерілді. Шведова жұптық сында 13-ші болып тұр.