Әлемнің бірінші ракеткасы атағын румындық Симона Халеп сақтап қалса, екінші орынды даниялық Каролин Возняцки, үшінші позицияны америкалық Слоан Стивенс иеленді.
Қазақстандық Юлия Путинцева 53-ші орында тұр. Зарина Дияс тоғыз позиция төмендеп, 63-ші орынға түсіп қалды. Елена Рыбакина үш орын көтеріліп, ТОП-200-ге кірді (199-орын).
Галина Воскобоева жұптық разряд рейтингінде өз орнын 138-ден 129-шы орынға жақсартты.