Зарина Дияс Жапонияда жарыстың 1-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты
09:20, 09 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 318-ракеткасы Зарина Дияс Фукуока (Жапония) ITF W35 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Зарина ширек финалда әлемнің 215-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, Аустралия өкілі Лизетт Кабрерамен жолығысты.
Бірінші партияда Зарина 6:2 есебімен басым түсті.
Екіншісінде Кабрера есе қайырды — 6:3.
Шешуші, үшінші партияда Зарина жеңісті жұлып алды.
Тартысты өткен матч 1 сағат 53 минутқа созылды.
Зарина Диястың жартылай финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Жапониядағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.