ОРАЛ. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 318-ракеткасы Зарина Дияс Фукуока (Жапония) ITF W35 турнирін жеңіспен бастады.
Жарыстың алтыншы ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда 16 жастағы жапониялық Юзуха Негишимен кездесті.
Жас теннисші тәжірибелі Зарина Диясқа қарсылық көрсете алмады.
Небәрі бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Зарина Дияс 6:1, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Теннисші Зарина Диястың келесі қарсыласы кейін анықталады.
Аталмыш жарыс 11 мамырда мәресіне жетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Италиядағы тартысты матчта қарсыласын ұтқанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).